дәріс. Интеллектуалдық меншік құқығы

Дәріс жоспары:

1. Интеллектуалдық меншіктің түсінігі.

2. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі түсінігі және құқықтық қорғау талаптары. Патенттік құқықтарды беру туралы шарт.

3. Фирмалық атауға және тауар белгісіне құқық ұғымы.

Негізгі ұғымдар: интеллектуалдық меншік, өнертабыс, модель, фирмалық атау, тауар белгісі, патент, өнертабыс, пайдалы модель.

1.Интеллектуалдық меншіктің түсінігі. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне: 1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;

2) эфирлік және кабілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограмалары мен хабарлары;

3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;

4) селекциялық жетістіктер;

5) интергралдық микросызба топологиялары;

6) ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары;

және т.б. заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.

2. Өнертабысқа құқықтар – инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар патентпен қорғалады. Жаңа, өнертапқыштық деңгейі бар және өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешім құқықтық қорғау берілетін өнертабыс болып танылады.

Жаңа және өнеркәсіпте қолдануға болатын өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындау құқықтық қорғау берілетін пайдалы модель болып танылады.



Бұйымның сыртқы түрін белгілейтін, жаңа, түпнұсқалық және өнеркәсіпте қолдануға болатын көркемдік-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.

Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар алдын-ала патент, патент беру, ал пайдалы модельге тек патент беру жағдайында қорғалады.

Алдын-ала патент және патент алу құқығы туындайтын өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге қойылатын талаптар, мемлекеттік уәкілетті органның оларды беру тәртібі заң актісімен белгіленеді.

Патентке қабілеті жоқ техникалық шешімдердің өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындаулардың, бұйымдардың көркемдік-конструкторлық шешімдерінің тізбесі заң актілерімен белгіленеді.

Алдын-ала патент пен патентті алуға деген құқықты беру туралы, сондай-ақ алдын-ала патент пен патентті беру туралы шарттар жазбаша нысанда жасалуы тиіс және патенттік органда тіркелуге тиіс. Жазбаша нысанның немесе тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

3.Заңды тұлғаның ресми бланкілерінде, баспа басылымдарында, жарнамаларда, маңдайша жазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, тауарлар мен олардың қорабында және заңды тұлғаны даралауға қажетті өзге де жағдайларда фирмалық атауды пайдалануға айрықша құқығы бар.



Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның жарғысын бекіткен кезде белгіленеді. Заңды тұлға белгілі бір фирмалық атаумен заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

Тіркеліп қойған заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас фирмалық атауды пайдалануға болмайды, өйткені мұның өзі тиісті заңды тұлғалардың ұқсап кетуіне, сондай-ақ олар шығаратын тауарлар немесе көрсететін қызметтер жөнінде жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкін.

Заңды тұлғаның фирмалық атауы оған тиесілі тауар белгісінде пайдаланылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаны белгілеу ретінде Қазақстан Республикасында тіркелген фирмалық атауға айырықша құқық қолданылады. Шет мемлекетте тіркелген немесе кеңінен танымал фирмалық атауға Қазақстан Республикасының аумағындағы айырықша құқық заң актілерінде көзделген жағдайларда қолданылады.

Заңды тұлғаның таратылуына және оның фирмалық атауының өзгертілуіне байланысты фирмалық атауға құқықтың қолданылуы тоқтатылады.

Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсіпорын тұтасымен иеліктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелігінен алуға және ауыстыруға жол берілмейді. Фирмалық тауға құқықтың иесі басқа тұлғаға шартта келісілген әдістермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуі (лицензия беруі) мүмкін.

Тіркелген не халықаралық шартқа орай тіркеусіз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдік белгілер немесе бір тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші тұлғаның біртектес тауарлары мен қызметтерінен ерекшелеу үшін қолданылатын басқа да белгілер тауар белгісі деп танылады.

Тауар белгісіне құқық иесінің өзіне тиесілі белгілерді қолднуға және билік етуге айрықша құқығы бар.

Тауар белгісін кез келген айналымға енгізу: дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, тауар белгісін немесе осы белгімен белгіленген тауардан сату, маңдайшадағы жазуда, жарнамада, баспа өнімдерінде немесе өзге де іскерлік құжаттамада пайдалану – тауар белгісін пайдалану болып саналады.

Дәріс. Мұрагерлік құқық.

Дәріс жоспары:

1. Мұрагерлік түсінігі және мұраның құрамы.

2. Өсиет бойынша мұрагерлік.

3. Заңды мұрагерлік.

Негізгі ұғымдар: мұра, мұрагерлік, өсиет, мұра қалдырушы, мұрагер.

1. Мұрагерлік – қайтыс болған азамат мүлкінің басқа адамға мұрагерге ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:

1. егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

2. өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

3. алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

4. зейнетақы төлей, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

5. мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқытар мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ао оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқықлы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагерлер бола алады.мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

2. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайды өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады.

Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.

Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді.

Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерде мұрадан айыру оның ұсынылу құүқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды.

Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы.

Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады. Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективті себептерге байланысты мұрагер үшін орындалмайтын талаптар мұрагердің талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Мыналар: 1) нотариатта куәландырылған өсиеттер; 2) нотариатта куәландырылғанға теңестірілген өсиеттер ресімделген болып танылады. Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қолы қоюлуы мүмкін.

Нотариатта куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиіс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкін. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті өсиетке қол қойғанға дейін нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс.

3. Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестіріледі.

Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер болмайды.

Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер болмайды.

Заң бойынша мұрагердің әр бір келесі кезегі алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда мұрагерлік құқығын алады.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

Егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екінші кезекте мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілерінің) балалары (мұра қалдырушының немере іні-қарындастары, жиендері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

Егер бірінші және екінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшінші кезекте мұра қалдырушының әкесімен бірге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. мұра қалдырушының немере аға-інілері, апа-қарындастары мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

Егер бірінші, екінші және үшінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлік құқығын мұра қалдырушының алдынғы кезектердегі мұрагерлеріне жатпайтын, үшінші, төртінші және бесінші туыстық дәрежесіндегі туыстары алады.

Мүліктің бір бөлігі өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиетті орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлік тәртібімен ауысатын бөлігін де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер:

1.ҚР Конституциясы. 30.08.1995ж.

2.ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). 27.12.1994ж.

3.ҚР Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). 01.07.1999ж.

4.ҚР «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы. 24.03.1998ж.

5.ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы. 16.01.2001ж.

6.ҚР «Банкроттық туралы» Заңы. 21.01.1997ж.

7.ҚР «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы. 31.03.1998ж.

8.ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы. 31.05.1996ж.

9.ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы. 19.06.1997ж.

10.ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы. 08.07.2005ж.

11.ҚР «Саяси партиялар туралы» Заңы. 10.07.2002ж.

12.ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы. 22.04.1998ж.

13.ҚР «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы. 08.05.2001ж.

14.ҚР «Дін бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы. 15.01.1992ж.

15.ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестік туралы» Заң күші бар Жарлығы. 02.05.1995ж.

16.ҚР «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңы. 16.06.2004ж.

17.ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы. 16.04.1997ж.

18.ҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу туралы» Заң күші бар Жарлығы. 17.04.1995ж.

19.ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы. 20.11.1998ж.

20.ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы. 18.12.2000ж.

Негізгі әдебиеттер

1. Дүсіпов Е.Ш., Қағазов О.К. Қазақстан Республикасының азаматтық құқы (жалпы бөлім). Оқу құралы -Алматы, 2006.

2. Азаматтық құқық. І-том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс) Жауапты ред. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: ҚазГЗУ, 2003ж.

3. Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академическийкурс) / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000;

4. Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие (Часть Общая). 2-е изд., доп. и изм. / Отв. ред. Г.И. Тулеугалиев, К.С. Мауленов. – Алматы: "Данекер", 1999;

5. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы: "Жетi Жаргы . .

6. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: Учеб. пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. – Алматы: ВШП "Эдiлет", 2000;

7. Басин Ю.Г. Защита интересов кредиторов при универсальном правопреемстве юридических лиц в коммерческих отношениях /

8. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи,

комментарии, практика. Выпуск 1-17 Под общ. ред. А.Г. Диденко. –

Алматы: "Баспа",1998- 2003;

9. Вещные права в Республике Казахстан / Отв. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы: "Жетi Жаргы", 1999;

10. Грешников И.П. Классификация организаций с правами юридического лица. Правовой режим коммерческих и некоммерческих организаций / В кн. Общая часть Гражданского кодекса Республики Казахстан (сборник статей, комментариев). – Алматы: Изд-во КазГЮИ, 1996;

11. Грешников И.П. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве. Автореф. дис. …к.ю.н. – Алматы, 1997;

12.Диденко А.Г. Действие принципа равной защиты государственной и частной собственности в отношении государственных и частных учреждений / В кн.: Гражданское законодательство Республики Казахстан: статьи, комментарии, практика. Выпуск 9 / Под общ. ред. А.Г. Диденко. – Алматы: "Баспа", 2000;

13.Климкин С.И. Вопросы понятия юридического лица в новом Гражданском кодексе Республики Казахстан // Вестник Министерства юстиции Республики Казахстан, 1995, № 3;

Арнайы әдебиеттер

1. Климкин С.И. Развитие законодательства Казахстана о предпринимательстве (сборник статей). – Алматы: "Баспа", 1998;

2. 15.Мукашева К.В. Юридические лица / В кн. Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применения. Материалы семинаров. Том I. – Алматы: "ЭдiлетПресс", 1996;

3. 16.Сахипова Л.А. Проблемы правового регулирования деятельности акционерных обществ. / В кн. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. Вып. 8. / Под общ. ред. А.Г. Диденко. – Алматы: ВШП "Эдiлет", 1999;

4. 17.Гражданское право. В 2-х томах. Том 2. Учебник / Под ред. Е.А. Суханова. – М.: "БЕК", 1994;

5. Гражданское право: /Под ред. Т.И. Илларионовой, Б.М. Гонгало, В.А. Плетнева/, Учебник, ч.1, - Москва, 1998 г.

6. Гражданское право: /Под ред. А.Г. Калпина, А.И. Масляева/, Учебник, ч.1, - Москва, 1997 г.

7. Основы гражданского права.: /В.О. Мушинский/, - Москва, 1995 г.

8. Гражданское право: /Под ред. П.Е. Орловского, С.М. Корнеева/, Учебник, том 1, - Москва, 1969 г.

9. Гражданское право России: /Отв. ред. О.Н. Садиков/, Курс лекций, ч.1, - Москва, 1996 г.

10.Русское гражданское право: /Д.И. Мейер/, Учебник, ч.1, - Москва, 1997 г.

11.Гражданское право: /Под ред. В.П. Грибанова, С.М. Корнеева/, Учебник, том 1, - Москва, 1979 г.

12.Учебник русского гражданского права: /Г.Ф. Шершеневич/, - Москва, 1995 г.

13.Гражданское и торговое право: /Е. Белых/,- Москва, 1996 г.

14.Гражданско-правовой метод регулирования общественных отношений: /В.Ф. Яковлев/, - Свердловск, 1972 г.

15.История советского гражданского права, 1917 – 1947 г.г.: - Москва, 1949 г.

16.Советское гражданское право (курс лекций): /О.С. Иоффе/, - Ленинград, 1958 г.

17.Советское гражданское право.: /О.С. Иоффе/, - Москва, 1967 г.

18.Советское гражданское право: /Под ред. В.А. Рясенцева/, Учебник, ч.1, - Москва, 1986 г.

19.Понятие гражданского права.: /В.А. Тархов/, - Саратов, 1987 г.

20.Советское гражданское право: /Под ред. О.А. Красавчикова/, Учебник, том 1, - Москва, 1985 г.

21.Гражданское право: /Под ред. Н.Д. Егорова, А.П. Сергеева/, Практикум, ч.1, - Москва, 1998 г.

22.Сравнительное правоведение в схемах: общая и особенная части. /Кристофер Осакве/, - Алматы, 1999 г.

23.Введение в сравнительное правоведение в сфере частного права: /К. Цвайгерт, Х. Кетц, Х. Кетц/, (Пер. с нем.), - Москва, 1998 г.

24.Гражданское право БССР. Общая часть:, - Минск, 1975 г.

25.Гражданское и торговое право капиталистических стран: /Д.М. Генкин/, - Москва, 1949 г.

26.Гражданское и торговое право: /Под ред. Е. Богатых/, Учебник, ч.1, - Москва, 1996 г.

27.Гражданское и торговое право капиталистических государств: /Отв. ред. Е.А. Васильев/, Учебник, - Москва, 1993 г.

28.Основные проблемы гражданского права.: /И.А. Покровский/, - Москва, 1998 г.

29.Курс гражданского права: общая часть: /В.А. Витушко/, Научно-практическое пособие, - Минск, 2001 г.

30.Гражданское и семейное право развивающихся стран: /Под ред. В.К. Пучинского, В.В. Безбаха/, Учебное пособие, - Москва, 1989 г.

31.Вопросы применения гражданско-правовых норм: /Ю.Х. Калмыков/, - Саратов, 1976 г.

32.Гражданское право. В вопросах и ответах: /С.П. Гришаев/, ч.1, - Москва, 1999 г.

33.Избранные труды по гражданскому праву. Из истории цивилистической мысли. Критика теории «хозяйственного права»: /О.С. Иоффе/, - Москва, 2000 г.

34.Советское и иностранное гражданское право: (проблемы взаимодействия и развития). /Под ред. В.П. Мозолина/, - Москва, 1989 г.

35.Лекции по советскому гражданскому праву: /С.И. Вильнянский/, Учебник, Часть 1, - Харьков, 1958 г.

36.Комментарий к Гражданскому кодексу Российской Федераций: /Отв. ред. О.Н. Садиков/, - Москва, 1997 г.

37.К теории правоотношения: /Ю.К. Толстой/, - Ленинград, 1959 г.

38.Гражданский кодекс Германии. История, система, институты: /В.А. Савельев/, Учебное пособие, - Москва, 1994 г.

39.Гражданское право Японии: /Т. Ариидзуми, С. Вагацума/, Кн. 1, - Москва, 1983 г.

40.Гражданское право США (право торгового оборота).: /Г. Ласк/, - Москва, 1961 г.

41.Гражданское право Франции.: /Ж. Морандьер/, Т. 1, - Москва, 1958 г.

42.Гражданско-правовое регулирование общественных отношений: /Н.Д. Егоров/, - Ленинград, 1988 г.

43.Источники советского гражданского права: /И.Б. Новицкий/, - Москва, 1959 г.

44.Вопросы кодификации гражданского законодательства союзных республик.: /В.И. Корецкий/, - Душанбе, 1960 г.

45.Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика ее применения. Сб. статей, - Алматы, 1996 г.

46.Энциклопедия правоведения: Основы гражданского права: /М.Г. Маркова/, - Санкт Петербург, 1996 г.

47.Гражданское право (библиотечка народного судьи): /К.А. Граве, А.И. Пергамент, Т.И. Мальцман/, - Москва, 1949 г.

48.Основные институты гражданского права зарубежных стран: сравнительно-правовое исследование: /В.В. Залесский/, - Москва, 1999 г.

49.Проблемы современного гражданского права: /Отв. ред. В.Н. Литовкин, В.А. Рахмилович/, Сб. статей, - Москва, 2000 г.

50.Гражданское, торговое и семейное право капиталистических стран: /Под ред. В.К. Пучинского, М.И. Кулагина/, Сборник нормативных актов: Гражданские и торговые кодексы, Учебное пособие, - Москва, 1986 г.

51.Гражданское право. Словарь-справочник: /Под общ. ред. М.Ю. Тихомирова/, - Москва, 1996 г.

52.Словарь гражданского права: /Под общ. ред. В.В. Залесского/, - Москва, 1997 г.

53.Актуальные проблемы гражданского права: /Под ред. М.И. Брагинского/, Сб. статей, - Москва, 1998 г.

54.Правоотношения по советскому гражданскому праву: /О.С. Иоффе/, - Ленинград, 1949 г.

55.Спорные вопросы учения о правоотношении: Очерки по гражданскому праву.: /О.С. Иоффе/, - Ленинград, 1957 г.

56.Гражданское право в современную эпоху: /С.С. Алексеев/, - Москва, 1999 г.

57.Основы российского гражданского права: /Под ред. В.В. Безбах, В.К. Пучинский/, Учебное пособие, - Москва, 1995 г.

58.Государство и право на рубеже веков: Гражданское право: /Материалы Всероссийской конференции/, - Москва, 2001 г.

59.Советское гражданское право. Субъекты гражданского права: /С.Н. Братусь/, - Москва, 1984 г.

60.Субъекты Гражданского права. Центр цивилистических исследований:. - Москва, 2000 г.

61.Субъекты гражданского права: /С.Н. Братусь/, - Москва, 1950 г.

62.Безвестное отсутствие: /М.Г. Стучинский/, - Челябинск, 1949 г.

63.Безвестное отсутствие по советскому гражданскому праву: /А.К. Юрченко/, - Ленинград, 1954 г.

64.Правосубъектность граждан в советском гражданском и семейном праве: /Я.Р. Веберс/, - Рига, 1976 г.

65.Гражданская правосубъектность Советского государства: /П.П. Виткявичус/, - Вильнюс, 1978 г.

66.Гражданско-правовое положение несовершеннолетних: /Л.Г. Кузнецова, Я.Н. Шевченко/, - Москва, 1968 г.

67.Публичное право: /Ю.А. Тихомиров/, - Москва, 1995 г.

68.Правопреемство по советскому гражданскому праву: /Б.Б. Черепахин/, - Москва, 1962 г.

69.Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан в РК.: /И.В. Романкова/, Учебное пособие, Алматы, 1996г.

70.Индивидуальный бизнес в Республике Казахстан: /Сост. В.И. Скала, Н.В. Скала/, Практическое пособие, - Алматы, 2002 г.

71.Предпринимательское право: /И.В. Дойников/, Учебное пособие, - Москва, 1998 г.

72.Предпринимательское право: /И.В. Ершова, Т.М. Иванова/, Учебное пособие, - Москва, 1999 г.

73.Предпринимательское право: /С.Э. Жилинский/, Учебник, - Москва, 2000 г.

74.Коммерческое право: /Под ред. В.Ф. Попондопуло, В.Ф. Яковлевой/, Учебник, - Санкт Петербург, 1997 г.

75.Коммерческое право: /Н.Ю. Круглова/, Учебник, - Москва, 1999 г.

76.Основы законодательства о защите прав потребителей: /Т.Л. Левшина/, Курс лекции, - Москва, 1994 г.

77.Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика: /Ю.Г. Басин/, Учебное пособие, - Алматы, 2000 г.

78.Хозяйственные товарищества по законодательству Республики Казахстан: /С.И. Климкин/, - Алматы, 2002 г.

79.Юридические лица в советском гражданском праве. Понятие, виды, государственные юридические лица: /С.Н. Братусь/, - Москва, 1947 г.

80.Юридические лица: /В.П. Грибанов/, - Москва, 1961 г.

81.Способы и организационно-правовые формы регулирования в социалистическом обществе: /В.М. Горшенев/, - Москва, 1972 г.

82.Учредительный договор о создании коммерческих обществ и товариществ: /Н.В. Козлова/, - Москва, 1994 г.

83.Юридические лица: правовое положение, порядок создания, учредительные документы: /Под ред. М.Ю. Тихомирова/, - Москва, 2000 г.

84.Реорганизация и ликвидация юридических лиц по законодательству России и стран Западной Европы. - Москва, 2000 г.

85.Правоотношения производственных объединений и предприятий в сфере хозяйственного оборота: /К.Н. Наменгенова, Б.В. Покровского, М.К. Сулейменов/, - Алма-Ата, 1985 г.

86.Законодательство России о совместных предприятиях: /М.М. Богуславский, Л.Н. Орлов/, Комментарий, - Москва, 1993 г.

87.Приватизационное право: /О.Ю. Скворцов/, Учебное пособие, - Москва, 1999 г.

88.Об акционерных обществах в Республики Казахстан: /Комментарии и разъяснения, правовые акты/, - Алматы, 1999 г.

89.Участие Советского государства в гражданских правоотношениях: /М.И. Брагинский/, - Москва, 1981 г.

90.Избранные труды по акционерному праву: /М.И. Кулагин/, - Москва, 2000 г.

91.Учение об акционерных компаниях: /И.Т. Тарасов/, - Москва, 2000 г.

92.Акционерное общество и товарищество с ограниченной ответственностью: /Сост. Отв. ред. В.А. Туманов/, Сборник зарубежного законодательства, - Москва, 1995 г.

93.Акционерное правоотношение.: /Д.В. Ломакин/, - Москва, 1997 г.

94.Акционерное право: /В.В. Долинская/, Учебник, - Москва, 1997 г.

95.Акционерное общество: история и теория: /Я.И. Функ и др./, - Минск, 1999 г.

96.Английское право о компаниях: закон и практика: /Г.Ф. Полковников/, Учебное пособие, - Москва, 2000 г.

97.Корпоративное право (Право хозяйственных товариществ и обществ): /Т.В. Кашанина/, Учебник, - Алматы, 1999 г.

98.Производственный кооператив: /В.А. Ермаков, Т. Реморенко/, - Алматы, 1999 г.

99.Крестьянское (фермерское) хозяйство: /Комментарии, нормативные правовые акты/, - Алматы, 1999 г.

100. Представительство иностранного юридического лица: от регистрации до налогообложения: /И.А. Корниенко/, - Москва, 1998 г.

Ескерту: білімгер ұсынылған әдебиеттерден басқа да басылым материалдарын қолдануына құқығы бар.


7829833928659054.html
7829853581947875.html
    PR.RU™